ш ы л. Өйткені, олай болғаны деген мағынаны білдіретін жалғаулық мәнді көмекші сөз. «Діндегі қайшылықтар - ол Алланың мәрхабаты» деген хадисіне жүгінсек болады, с е б е б і әр адамның жаратылу табиғаты әртүрлі («Рахмет самалы»). Біздің табиғатшылдар қоршаған ортаны қорғауға қатысты шаруаның ешқайсысынан сырт қала алмайды, с е б е б і экологиялық ахуал барған сайын ушығып барады («Ана тілі»). Қазақта пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дейді. Ол сөз тегін айтылмаса керек-ті. С е б е б і бір адамның бойында осыншама қасиеттердің болуының өзі - ерекшелік («Жас қазақ үні»).