lat: SEBEP
(ар. сәбәб سبب ) – дәйек, сылтау, салдар.
Иншалла, айтармын және Ескендірді, Құтылған Далфруздан себебіні («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 14-том. 2005. 100 томдық).
Намрудтың оғы батқан себебінен , Бұғаздамай халал-ды сізге балық («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).
“Ажал Құдайдан, себебі бізден болды”, Айыбын мойнына алып арыз қылды («Бозжігіт». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).
Себепкер – себеп болушы, себепші.