[ар. з а т. 1 . Бір құбылыстың болу-болмауына негіз болатын жайт. Үш ай бойы сенен неге хат келмеуінің с е б е б і н білдім (Ә.Нұршайықов, Махабб. жыр.). Картоптың азғындап кетуінің көптеген с е б е п т е р і бар (Б.Шағыров, Картоп). Жыл толды, айлар айға жалғаса кел, Жарының келмеуіне бар ма с е б е п. Ол жүрді, «Мен далада жүрген кезде, Ол байғұс үйде күтіп қалмаса», - деп (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 2. п с и х. Адамның қандай да бір әрекетіне, қимылына, мінез-құлқының көрінісіне түрткі болатын құбылыс, жайт. С е б е п деген - екінші бір денені қозғаушы не ол бірдеңе өзгеріс кіргізуші күш (Ж.Аймауытов, Шығ.). Күннің шығуы адамдардың әлеуметтік қатынасына байланысы жоқ, ол с е б е п те емес, салдар да емес (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. Сылтау, көңілі қаламаған істі орындамауға негіз болатын жайт. С е б е п боп аулымыздың алысы ұдай, Біз жаққа сиреп жүр ме барысың-ай. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Жүрсің бе аман-есен, арысым-ай? (Қара өлең). Бабым жоқ, бап табатын шеберім жоқ, Бір шауып кетерім бар, келерім жоқ. Аспан мен жерді қосқан қайран айқай, Бұл күнде үндеуге де с е б е б і ң жоқ (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 4. Көңілі қалаған істі орындауға табылмай жүрген немесе табылған негіз, орай. Осыны айтуды сылтауратып Қаңтарбайдың ауылына барып қайтуға с е б е п табылғанына қуанды (Ж.Еділбаев, Түркістан). С е б е п таппай сөнуге, жануға да, С е б е п таппай қасыңда қалуға да, Жаутаң-жаутаң қараумен аттанармын, Келмейсің сен шығарып салуға да (М.Шаханов, Ғасырлар.). 5. Жағымсыз жағдай, оқиға, құбылыстың туындауына әкеп соқтырған қолайсыз, теріс жайт, кесір. Прокуратура жүргізген тексеру барысында, аса қауіпті инфекция ошағы бірнеше адамның өліміне с е б е п болғандығы анықталған («Түркістан»). Жүйкенің жұқарып, жүйке ауруларына әкелуіне аз ұйықтаумен қатар, жоғарыда айтып кеткен шүкірліктің болмауы, көрсеқызарлық пен астамшылық та с е б е п болады («Рахмет самалы»). Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының с е б е б і темекіден («Парасат»). 6. ж а ғ ы м д ы. Түрткі, дәнекер, негіз, дәйек. Ол кісі кеткеннен кейін «Қалай кітап жазсам екен, неден бастасам екен?» деп көп ойландым. Әрі-сәрі күй кешіп жүргенімде кітап жазуға тезірек кірісуіме тағы бір жайт с е б е п болды («Алтын Орда»). Қыз жақтан: Ақ отауым тіккен жер майдан болсын, Өткен күнге көңілім қайран болсын, Дүниеге келуге с е б е п болған Әкемдей бөлек ата қайдан болсын. Он ай сақтап ішіне толғақ жеген, Ақ сүт берген анамдай қайдан болсын (Ә.Найманбаев, Шығ.). Бесінші, қымбат нәрсе - әдеп деген, Әдеп деген махаббатқа с е б е п деген (Ақмолла Мұхамедиярұлы//ХІХ ғ. қаз. поэз.). Сен туралы дерек жоқ, Баяндайтын жайыңды. Жалғыз қайың с е б е п боп, Атандың ба, Қайыңды! (С.Мәуленов, Алыс кет.). 7. а у ы с. Сеп, жәрдем, қолдау. Білім - әуелі өзін, сосын айналасындағыларды, сондай-ақ Раббысын тануына жол ашатын құрал. Мұнымен қоса о дүниелік болғаннан кейін де кісінің мәртебесінің артуына с е б е п болатын сарқылмас қазына («Ислам өркениеті»). С е б е п болып жүруге Есқалиға кез келдім (Кердері Әбубәкір, Қазағым).