СЕБЕПСІЗ

lat: SEBEPSİZ

с ы н. Ешбір негізсіз, жайдан-жай, дәлелсіз, С е б е п с і з көп күлетін жеңіл күлкісі де пышақ кескендей тыйылды (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Біреулер ешбір с е б е п с і з сменаға шықпай қалады (А.Жақсыбаев, Егес). Сағынышты көңілім болды алаң, Саған жетпес болса да қандай бағлан. Малсыз, бақсыз, с е б е п с і з сіздің дерттің, Бұған шипа, япырмау, қайдан табам? (Ә.Найманбаев, Шыт.). // Бекерге, босқа. Ол мені орынсыз, с е б е п с і з мазалағандығы үшін қысылатын секілді (Д.Исабеков, Қара шаңырақ).