[лат. segmentum] з а т. 1. к і т. Бөлік, құрамдас бөлшек. Кеше Алматыда өткен кеңесте Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев Интернет жүйесінде қазақстандық с е г м е н т т і дамытудың маңыздылығын атап көрсетті («Егемен Қазақстан»). 2. м а т. Қисық сызық пен оның хордасы арасында шектелген жазық фигура . Сонда әлгі іштей сызылған квадраттың үстіне қосылатын әрбір үшбұрыштың ауданы оған сырттай сызылып тұрған с е г м е н т ауданының жартысынан артық (О.Жәутіков, Математика.). Жазықтықтың парабола доғасымен және сол доғаны керіп тұратын хордамен шектелген бөлігі парабола с е г м е н т і деп аталады (М.Исқақов, Математика.). С е г м е н т - кесінді немесе тұйықталған аралық (ҚҰЭ). 3. и н ф. Жедел жадтағы бірін-бірі жабатын бір деңгей тармақтарының оверлейлік құрылымды бағдарламадағы тобының бірі.
4. и н ф. Буферде орналасатын хабардың бөлігі. 5. и н ф. л и н г в. Сөйленістің функционалды бірліктері.