СЕГМЕНТ

lat: SEGMENT

[лат. segmentum] зат.1.кіт. Бөлік, құрамдас бөлшек.

Кеше Алматыда өткен кеңесте Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Интернет жүйесінде қазақстандық сегментті дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. («Егемен Қазақстан»).

2.мат. Жазықтықтағы сегмент - қисық сызық пен оның хордасы арасында шектелген жазық фигура.

Сонда әлгі іштей сызылған квадраттың үстіне қосылатын әрбір үшбұрыштың ауданы оған сырттай сызылып тұрған сегмент ауданының жартысынан артық (О.Жәутіков, Математика.).

Жазықтықтың парабола доғасымен және сол доғаны керіп тұратын хордамен шектелген белігі парабола сегменті деп аталады (М.Исқақов, Математика.).

Сегмент - кесінді немесе тұйықталған аралық (ҚҰЭ).

3. инф. Жедел жадтағы бірінбірі жабатын бір деңгейдіқ тармақтарының оверлейлік құрылымды программадағы тобының бірі.

4. Телеөңдеуде буферде орналасатын хабардың бөлігі.

5. Жазба немесе жазбаның бөлігі.