СЕЙМУРИЯЛАР

lat: SEIMÝRIaÁLAR

з а т. з о о л. Қаңқа қалдықтары Солтүстік Американың палеозой заманы пермь кезеңінің жыныстарынан табылған, жойылып кеткен қосмекенділердің туысы. С е й м у р и я л а р д ы ң денесінің ұзындығы 1 м-дей. Бас сүйегінің және аяқтарының құрылысы ертедегі қосмекенділерге де, бауырымен жорғалаушыларға да ұқсас екендігін көрсетеді, қаңқа қалдықтары Солтүстік Американың палеозой заманы пермь кезеңінің жыныстарынан табылған (Қаз. тілі термин. Биология). С е й м ур и я л а р батпақты ормандарда тіршілік етіп, негізінен балықтармен қоректенген, 3 түрінің қалдықтары табылған (Қаз. тілі термин. Биология).