СЕЯЛКА

lat: SEIaLKA

з а т. с ө й л. Екпе өсімдіктер тұқымын топыраққа себу қызметін атқаратын ауылшаруашылық мәшине. Сонау с е я л к а сол жердің соңғы гектарына тұқым сеуіп жүр (Б.Тоқтаров, Қыран.). Міне, бір жерде жүгері с е я л к а л а р ы тіркелген «Беларусь» кетіп барады (Е.Салихов, Алақан). Әрбір с е я л к а д а тұқым себетін бір-екі жәшік, тыңайтқыш шашатын аппараты болады (ҚСЭ).