СЕКУЛЯРИЗАЦИЯ

lat: SEKÝLÁRIZASIaÁ

саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады. Саясат қоғамдық өмірдің табиғи нәтижесі. Саясат мемлекет органдарымен дайындалатын құқыққа бағынады. Дамыған демократиялық қоғамдарда саясатпен адамдар айналысады, ол өзінің қасиеттілігінен айрылады. Заңдарды дайындайтын адамдар, ал адамдар заңға бағынулары керек. Бірақ қоғамдық үрдістерді тиімді түсіндірулерге қарамастан XX ғ. саясаттағы тиімді емес, түсіндіруге мүмкін емес жағдайлар қалып отыр. Демократия идеологтары зайырлы биліктін кемшіліктерін бейтараптандыру мақсатында табиғи тетіктер ұсынды: сайлау, жариялылық, құқық үстемдігі, билікті бөлу қағидаты, т.б.