СЕКУНД

lat: SEKÝND

зат. Минуттың алпыстан бір бөлігіне тең уақыт өлшемі . Үнсіз секунд , минуттарды мүлт жібермей санап құр, Үш ғұмырды ұзатып сап, керегеде сағат тұр (1,302). «Жарым қайда қалды?» деп аңсармын мен, Бір секунд кетпессің көңілімнен. Түсте көріп түріңді жалт еткізіп, Махаббаттың дертіне болармын жем (1,15).