Секір етістігінің қимыл атауы; қарғу, ырғу. С е к і р у қайда, сүрініп? Қабағын қайғы жабады. Саламда жатып дән жиған Құмырсқаны іздеп табады (Абай, Шығ.). Көкке тойып ыңқылдап, тұсаулы аттар с е к і р у г е шамалары жоқ сілейіп тұр (А.Тоқмағамбетов, Әке.). Жас жолбарыстың аяқтарындай, аяқ қолдары сомдала біткен. Жалпы қимылында, дене бітімінде с е к і р у г е дайындалған жолбарыс тәрізді бір қауіпті сұс бар (І.Есенберлин, Алмас.).