lat: SEKQIaÁ
[лат. sectio] зат. 1. Белгілі бір ұйымның, мекеменің құрамындағы бөлімше.
Жақын арада сыншылар секциясы, жас жазушылар секциясы құрылды (С.Мұқанов, Өсу жол.).
Үшінші секцияда ғалымдар Әл-Фарабидің тілі, әдебиет, өнер төңірегіндегі еңбектері жайлы толғамдарын айтады («Білім және еңбек»).
2. тех. Тexникaлық бөлшeктiң бip бөлiгi.
Антон Иванович, шіркін, адам ғой, екі бөлмелі жеке бір секция алып берді (3.Шашкин, Өмір.).
Дәл ортадағы адамдар мен клет көтерілетін ствол жеке секциялардан құрастырылып, болттармен бекітілген (А.Жақсыбаев, Менің дос.).
Секция кaнaлизaциялық жүйeлepдiң, құбыpлapдың, элeктp opayыштapдың жәнe т.б. кeйбip мaшинaлapдың, тexникaлық қoндыpғының, мыс, copғының, cығымдaғыштың, қaзaндықтың, бyмeн жылытy paдиaтopының жәнe т.б. бip бөлшeгi (Қаз. тілі термин. Сушар.).
3. пед. Спорт пен дене тәрбиесі бойынша оқушылардың сыныптан тыс өзіндік әрекетін ұйымдастыратын тәрбие жұмысының бір түрі.
Секциядағы сабақ мазмұны арнаулы бағдарламаға негізделіп жүргізіледі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Секциядағы оқыту және жаттықтыру сабақтары оқушыларды қалаған спорт түрлері бойынша жарыстарға әзірлеуді көздейді (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
4. Құрылтайда, үлкен жиындарда, конгресте – белгілі бір мәселе бойынша жұмыс істейтін делегаттар тобы.
5. Имараттың, құрылғының бір бөлігі.