СЕКЦИЯ

lat: SEKSIaÁ

[лат. sectio] з а т. 1. Белгілі бір ұйымның, мекеменің құрамындағы бөлімше. Жақын арада сыншылар с е к ц и я с ы, жас жазушылар с е к ц и я с ы құрылды (С.Мұқанов, Өсу жол.). Үшінші с е к ц и я д а ғалымдар әл Фарабидің тілі, әдебиет, өнер төңірегіндегі еңбектері жайлы толғамдарын айтады («Білім және еңбек»). 2. т е х. Тexникaлық бөлшeктбip бөлiгi. Дәл ортадағы адамдар мен клет көтерілетін ствол жеке с е к ц и я л а р д а н құрастырылып, болттармен бекітілген (А.Жақсыбаев, Менің дос.). С е к ц и я кaнaлизaциялық жүйeлepдiң, құбыpлapдың, элeктp opayыштapдың жәнe т.б. кбip мaшинaлapдың, тexникaлық қoндыpғының, мыс, copғының, cығымдaғыштың, қaзaндықтың, бyмeн жылытy paдиaтopының жәнe т.б. бip бөлшeгi (Қаз. тілі термин. Сушар.). 3. п е д. Спорт пен дене тәрбиесі бойынша оқушылардың сыныптан тыс өзіндік әрекетін ұйымдастыратын тәрбие жұмысының бір түрі. С е к ц и я д а ғ ы сабақ мазмұны арнаулы бағдарламаға негізделіп жүргізіледі (Қаз. тілі термин. Педагогика.). С е к ц и я д а ғ ы оқыту және жаттықтыру сабақтары оқушыларды қалаған спорт түрлері бойынша жарыстарға әзірлеуді көздейді (Қаз. тілі термин. Педагогика.). 4. Құрылтайда, үлкен жиындарда, конгресте белгілі бір мәселе бойынша жұмыс істейтін делегаттар тобы. 5. Имараттың, құрылғының бір бөлігі. Антон Иванович, шіркін, адам ғой, екі бөлмелі жеке бір с е к ц и я алып берді (З.Шашкин, Өмір.).