[ағыл. sector] з а т. 1. м а т. Шеңбердің екі радиуспен және доғамен шектелген бөлігі. С е к т о р доғасындағы көрсеткіш бойынша, тап сол бақылау кезінде шырақтың горизонт үстіндегі биіктігі қанша екенін санап білуге болады (Астрономия). 2. ә с к. Тарамдап көрсетілген сызықтармен шектелген шеп. Қалай қарай ататындарыңыз анық көрінбейді, әрбір пулеметчик атыс с е к т о р ы н айқын көріп отыруға тиісті (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). Негізгі ату с е к т о р ы атыстың ең жауапты бағытын қамтиды (ҚСЭ). 3. Мекеменің не ұйымның бір бөлімі. Тәрбие мекемесіне қатысты тәрбие с е к т о р ы, оқыту секторы және т.б. болуы ықтимал (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Орыс әйелі сол Айсұлумен бірге облпотребсоюзда бір с е к т о р д ы ң бастығы екен (С.Сейфуллин, Шығ.). 1932 жылы Совет үкіметінің шешімімен Қазақстанда СССР Ғылым академиясының базасы құрылды да, оның құрамына екі с е к т о р – ботаника және зоология с е к т о р л а р ы енді (Ж.Бейсенбаев, Шоқан.). 4. Шаруашылықтың мемлекетке не жекеменшікке тән бөлігі. Ауыр электр жабдығын жасайтын бұл завод мемлекеттік с е к т о р ғ а қарасты (Т.Ахтанов, Үндістан.). Бұл қарсаңда Парламентте халықтың әртүрлі әлеуметтік жіктерінің, экономиканың жеке және мемлекеттік с е к т о р ы өкілдерінің мүдделерін білдіретін партиялық фракциялар мен депутаттық топтар құрылған болатын («Егемен Қазақстан»). 5. и н ф. Пішімдеу кезінде қатқыл немесе иілгіш дискіде жасалған центрлес жолшықтардың біреуінің сегменті, магниттік диск бетіндегі концентрлік шеңбер бойын қуалай орналасқан сызықжолға жазылатын ақпараттың негізгі бірлігін (ең аз көлемін) сақтайтын оның бір бөлігі. С е к т о р д ы ң стандартты көлемі 512 байттан құралады да, олар 1-ден бастап нөмірленеді (Қаз. тілі термин. Информатика). Иілгіш дискілерде 15, 18, 36 с е к т о р, ал қатты дискілерде 90 не одан да көп секторлар болады. Ең аз физикалық адрестелетін жад бірлігі (Қаз. тілі термин. Информатика). 6. г е о г р. Географиялық белдемділіктің әртүрлі құрылымымен өзгешеленетін материктердің ірі бөліктері.