СЕКТОР

lat: SEKTOR

[ағыл. sector] зат. 1. мат. Шеңбердің екі радиуспен және доғамен шектелген бөлігі.

Сектор доғасындағы көрсеткіш бойынша, тап сол бақылау кезінде шырақтың горизонт үстіндегі биіктігі қанша екенін санап білуге болады (Астрономия).

2. әск. Тарамдап көрсетілген сызықтармен шектелген шеп.

Қалай қарай ататындарыңыз анық көрінбейді, әрбір пулеметчик атыс секторын айқын көріп отыруға тиісті (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.).

Негізгі ату секторы атыстың ең жауапты бағытын қамтиды (ҚСЭ).

3. Мекеменің не ұйымның бір бөлімі.

Орыс әйелі сол Айсұлумен бірге облпотребсоюзда бір сектордың бастығы екен (С.Сейфуллин, Шығ.).

Денсаулық сақтау халық комиссариатының жанынан түберкулезге қарсы сектор ашылды (М.Сисекенов, Өкпе ауру.).

1932 жылы Совет үкіметінің шешімімен Қазақстанда СССР Ғылым академиясының базасы құрылды да, оның құрамына екі сектор ботаника және зоология секторлары енді (Ж.Бейсенбаев, Шоқан.).

4. Шаруашылықтың мемлекетке не жекеменшікке тән бөлігі.

Ауыр электр жабдығын жасайтын бұл завод мемлекеттік секторға қарасты (Т.Ахтанов, Үндістан.).

Бұл қарсаңда Парламентте халықтың әр түрлі әлеуметтік жіктерінің, экономиканың жеке және мемлекеттік секторы өкілдерінің мүдделерін білдіретін партиялық фракциялар мен депутаттық топтар құрылған болатын («Егемен Қазақстан»).

Өнеркәсіпті, оның ішінде ауыр индустрияны жедел өркендетіп, социалистік сектордың үлес салмағын арттыру көзделді (А.Нұрқанов, Мызғымас.).

5. инф. Пішімдеу кезінде қатқыл немесе иілгіш дискіде жасалған центрлес жолшықтардың біреуінің сегменті, магниттік диск бетіндегі концентрлік шеңбер бойын қуалай орналасқан сызықжолға жазылатын ақпараттың негізгі бірлігін (ең аз көлемін) сақтайтын оның бір бөлігі.

Сектордың стандартты көлемі 512 байттан құралады да, олар 1-ден бастап нөмірленед (Қаз. тілі термин. Информатика).

Иілгіш дискілерде 15, 18, 36 сектор, ал катты дискілерде 90 не одан да көп секторлар болады. Ең аз физикалық адрестелетін жад бірлігі (Қаз. тілі термин. Информатика).

6. Мекеме, ұйымдарда арнайы мамандырылған бөлім.

Тәрбие мекемесіне қатысты тәрбие секторы, оқыту секторы және т.б. болуы ықтималаз. тілі термин. Педагогика.).

7. геогр. Географиялық белдемділіктің әртүрлі құрылымымен өзгешеленетін материктердің ірі бөліктері.