СЕЛЕБЕ

lat: SELEBE

з а т. к ө н е. Қиын-қыстау кезең, ауыртпалық, апат. Қалың ел қатты састы с ел е б е д е н, Шошыды жұрт жүрегі бұл пәледен. Патшаның әмірі күшті, елде ерік жоқ, Жылысып тау мен тасты көбелеген (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Бұл бір көпке әкелген с е л е б е. Азамат басына түскен ауыртпалық (Ж.Аймауытов, Шығ.). Қаланың ертеңгі тіршілігіне көз тігіп, ел басына түскен с е л е б е, ауыр жағдайға жаны ауырып келе жатты оның (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.).