СЕЛЕКТОР

lat: SELEKTOR

[лат. selector] з а т. Мекеме ішіндегі қызметкерлермен екіжақты хабарласып отыратын электрмеханикалық байланыс құрылысы. Кенеттен с е л е к т о р микрофоны сөйлеп қоя берді (С.Бегалин, Жеткіншек). Барлығын бір мезетте с е л е к т о р ғ а шақырып алды да Әбділда бүгінгі кезекке арналған жарыс шартын ұсынды (Ы.Тникин, Жомарт.). Өткен түні Құржанды с е л е к т о р м е н ауданда, Ерейменге шақырған (З.Шашкин, Өмір.).