СЕМЬЯ

lat: SEMÁ

ор. з а т. с ө й л. 1. Отбасы. Ольга тоғыз ұлдың ішіндегі жалғыз қыз, олардың барлық с е м ь я мүшелері революцияға қатысушылардың қатарында болды (Б.Момышұлы, Шығ.). Алда тұрды өмірдің баспалдағы Аттау қиын демеусіз жас жанға әлі. С е м ь я н ы ң тірегі әке бізге Жұлдыздай боп көрінді аспандағы (М.Мақатаев, Шығ.). С е м ь я н ы ң негізі Сүйген жарың, бар тағы. Ерегіскен егізің, Екі жаққа тартады (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 2. а у ы с. Бір ұяға жиналған аралар тобы. Таңқурай өскен 1 га жерде тұрған бал арасының бір с е м ь я с ы 60 кг бал береді (К.Шалекенова, Жеміс, жидек.). Бір с е м ь я д а, бір аналық ара трутеньден және бірнеше ондаған мың «жұмысшы» ара болады (X.Қыдырбаев, Қазақст.).