СЕМІЗ

lat: SEMİZ

с ы н. 1. Байланып семіртілген қоңды (мал). Малдың с е м і з і н сойдық, пұлдысын саттық, шаруамен ісіміз болмады; жанымызбен қайғы болдық; азамат басына зобалаң туды, білгендерге ермедік, айтқан ақылын алмадық (Абай, Тол. жин.). Ешкіңнің ұзын саны отыз сегіз, Жиырма екісі жалқы екен, тоғызы егіз. Екі теке арықтап зорға еріп жүр, Күйегі жоқ төрт серке бәрі с е м і з (Бақтыбай ақын, Жел қобыз). 2. Денесі толық, етженді (адам). Молдадан сабақ алсаңыз, Алуа, шекер балмен тең. Пайдасы жоққа жалынсаң, С е м і з бір жемқор малмен тең (Шал ақын, Өлеңд.).