ү с т. Етженділеу келген, толықша. Бұның сөзін қазақшалап тұрған қысық көз, шолақ мұрын, толық денелі, с е м і з ш е тілмаш екі аяғынан тік тұр (М.Әуезов, Абай жолы). Айназар таныстырды. Онысы, шынында, бір орта бойлы, с е м і з ш е, аққұба, мыртықтау, секпілдеу, суыр аяқ, сүйір қолдау, бақа тамақ, бақа бойлылау әйел еді (С.Сейфуллин, Шығ.). Акробатикалық номер көрсеткен с е м і з ш е келіншектің сахнаға шығуы қатты әсер қалдырды (Ж.Молдағалиев, Тыңда.).