[лат. seminarium] з а т. п е д. 1. Жоғары оқу орындарында оқытушының басшылығымен студенттерді топ-топқа бөліп өткізілетін практикалық сабақ. Жоғары мектепте оқыту сан алуан түрде жүргізіледі: лекция, лабораториялық сабақтар, с е м и н а р және тәжірибелік сабақтар (Семья тәрбиесі). Студенттер с е м и н а р л а р мен практикалық сабақтарға жүйелі дайындалады («Қазақст. мұғ.»). Институттағы с е м и н а р сабағының кәдімгі сабаққа қарағанда бірқатар ұтымды жақтары бар («Қазақст. мект.»). 2. Белгілі бір мамандық бойынша ұйымдастырылатын арнаулы оқу жүйесі. Дәмелі Алматыға мұғалімдердің екі жетілік с е м и н а р ы н а шақырылған (I.Есенберлин, Айқас). Соңғы үш жылда 326 мұғалім білімін жетілдіру курстары мен с е м и н а р л а р ы н д а болды («Қазақст. мект.»). 3. Белгілі бір тақырып бойынша жасалатын ғылыми баяндама. 1964 жылы Москвада Азия мен Африка елдері әдебиеттерін зерттеу және аудару жөнінде с е м и н а р болды (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).