lat: SEMINAR
[лат. seminarium] зат. пед. 1. Жоғары оқу орындарында оқытушының басшылығымен студенттерді топ-топқа, бөліп өткізілетін практикалық сабақ.
Жоғары мектепте оқыту сан алуан түрде жүргізіледі: лекқия, лабораториялық сабақтар, семинар және тәжірибелік сабақтар (Семья тәрбиесі).
Студенттер семинарлар мен практикалық сабақтарға жүйелі дайындалады («Қазақст. мұғ.»).
Институттағы семинар сабағының кәдімгі сабаққа қарағанда бірқатар ұтымды жақтары бар («Қазақст. мект.»).
2. Белгілі бір мамандық бойынша ұйымдастырылатын арнаулы оқу жүйесі.
1964 жылы Москвада Азия мен Африка елдері әдебиеттерін зерттеу және аудару жөнінде семинар болды (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.).
Дәмелі Алматыға мұғалімдердің екі жетілік семинарына шақырылған (I.Есенберлин, Айқас).
Соңғы үш жылда 326 мұғалім білімін жетілдіру курстары мен семинарларында болды («Қазақст. мект.»).
3. Белгілі бір тақырып бойынша жасалатын тақырып бойынша жасалатын ғылыми баяндама.
Семинарға жинады.