СЕМИНАРИЯ

lat: SEMINARIaÁ

[лат. seminarium] зат. тар. Орта білім беретін арнайы оқу орны.

Семинариядан Итбай аулының мектебіне учитель боп аттанғанда, Асқардың алдына қойған ең зор мақсатының бірі-мектепке қыздарды тарту еді (С.Мұқанов, Ботагөз).

Қаныш Семейде мұғалімдер дайындап шығаратын семинарияға түседі (М.Қаратаев, Далада.).

Қаске Семейдің учительдік семинариясын 1913 жылы бітірді (А.Әуезов, Бала Мұхтар).

1916 жылы Сәкен оқытушылар семинариясын бітіріп, мұғалім болды («Лен. жас.»).