зат. 1 . Болаттан жасалған, екі жүзді қылыш . Мекенім Ніл дария – Мекенім менің, Келеді мәңгілікке мекендегім. Дариға-ай, пырағымды ерттеп мініп, Көрмеген мекеніме кетер ме едім?! Семсерін Ғазіретәлі ескек жасап, Жерорта теңізінен өтер ме едім?! (2,74). Аретиналықтар-ау, құттарыңды қашырып, Біздің найза, семсерге шыдай алмай бас ұрып. Көргем талай зыттыңдар қараңды үзіп жасырып (5,101). 2 . ауыс. Асыл, мықты . Көзіңнің жасын көрмесем екен мен сенің, Көзіңнің жасын көрсетпе маған, еңселім. Қайғыру саған – Қара теңіз боп теңселу, Қайғыра көрме, темірден соққан семсерім ! (2,218).