lat: SEMSER
(пар. шәмшир شمشير) – екі жағында да өткір жүзі бар, болаттан жасалған қылыш тәрізді қару.
Дулатқа салды күдерді, ажалды бермек шідерді, Хан орданың ішінде тартып алып семсерді,Үш-төрт бұлғап жіберді («Бөгенбай батыр». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).
Не ерлердің кәлласын, Семсерменен үзгенмін («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).
Семсерінің ұруынан өлді арыслан, Мұндай күн душар қылды Хақ Құдірет («Қисса Шеризат». Бабалар сөзі. 3-том. 2004. 100 томдық).