СЕМСЕР

lat: SEMSER

з а т. 1. э т н. Болаттан істелген екі жүзді өткір қылыш сияқты қару. Музейде қанжар, с е м с е р және қылыш бар (М.Әуезов, Индия очерк.). Ер Төстік мұны көріп көзі жайнап, С е м с е р і н қонышындағы тасқа қайрап. Жүгірді айдаһарға айқай салып, Жаны ашып балапанға тұрған зарлап (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Қару деме с е м с е р д і, Шапқанда сүйек қаппаса; Досым деме досыңды, Күле кіріп кіргенде, Күңірене есік аттаса (Дулат Бабатайұлы, Замана.). 2. с п о р т. Фехтованиеде қолданылатын ұзынша келген үшкір қару, шпага.