lat: SENİM
Адамның белгілі құбылыстармен көзқарастарды, ой түйіндерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі.
Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Адам қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында дүниетанымын қалыптастырып табиғат пен қоғам жөніндегі түсініктерін, өмір тәжірибесіне қолданып отырады. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана ол жоғары нәтижелерге же-те алады.
Сенім – адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды, адамның, жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа еңбегінің нәтижесіне, жақын адамдарына сену, т.б.). Сенім үміттен басталады.
Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты, сеніммен бекімеген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі.
Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мұнда соқтырады да, мінез-құлықты көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады. Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс-әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден-бір дұрыс дүниетаным болады. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені сапалы білім – дүниетаным мен сенімнің негізі еңбек.