СЕНІМДІ

lat: SENİMDİ

с ы н. 1. Сөзге тұрақты, іске берік, сенім артуға болатын. Ояздың тілмашы Жарасбайдың қаладағы жең ұшынан жалғасатын нық с е н і м д і тірегі Тоқбаев дейтін болатын (М.Әуезов, Қараш.). Сен Бұхарда кезіңде, Бәтуа бар сөзіңде, Келелі биің с е н і м д і. Қара бір халқы көнімді, Тыныш еді еліміз улат Бабатайұлы, Замана.). С е н і м д і жеті жігіт қасына еріп, Батырға Шаймердендей көмек беріп. Таң ата ертең ерте жүрмек болды, Жолдасқа отыз кісі қасына еріп (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). 2. а у ы с. Беделді, өтімді. Өз еліме айтамын: «Бергенім жоқ деп белімді», Мақтанамын кісімсіп, Оязға сөзім с е н і м д і (Абай, Тол. жин.).