СЕНІМХАТ

lat: SENİMHAT

бір адамның (сенім білдіруші) екінші адамға (сенім артылатын, өкілі) үшінші адамдар алдында оның атынан әрекет ету үшін берілетін жазбаша өкілеттік. Өкілдің өкілеттігінің мазмұны мен шегін белгілейтін біржақты мәміле, сенімхат негізіндегі өкілдің әрекеттері тікелей сенім білдіруші үшін құқықтар мен міндеттер тудырады.