СЕН

lat: SEN

е с і м. Екінші жақтағы жіктеу есімдігі. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. С е н де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан! (Абай, Шығ. жин.). Айтқыр деп с е н і кім айтар Көп алдында сөзіңді Күйбеңдеп жатсаң айта алмай. Неше ділмәр шешенмен Талай топта шайқастым, Айылым жиып тайсалмай (Базар жырау, Шығ.).