СЕН

lat: SEN

е т. 1. Біреуге, бір нәрсеге илану, нану. Жігіттер, қор да емеспін, кедей де емен, Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден. Құдай жолын біле алмай, қу билеген Елден басқа қайғым жоқ, мұныма с е н (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 2. Сенім арту. Бір малшы көлеңкеге келіп жатып, Қасқырдан иттеріне с е н і п жатып, Үстінде көк шалғынның, самал жерде Тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып (А.Байтұрсынов, Шығ.). Жолдас болсаң жақсымен Дұшпаныңды жеңгенің, Адамдықтың белгісі Біріңе бірің с е нг е н і ң. Құлағың, сал жігіттер, Жарлымын деп мұңайма, Жеті мүшең сау болса, Тағдырдың сол да бергені (Базар жырау, Шығ.).