СЕН

lat: SEN /973/

есім. Екінші жақты білдіретін жіктеу есімдігі.

Айтшы қане, бар ма оның тыншығаны?

Бірге кіріп, сенімен бір шығады.

Байқа, тентек! Сен емес Ана алдында,

Мына тұрған «құдайың» қымсынады (1,138).

Сенсің күн: тек мен үшін нұрын шашқан,

Сенсің сусын: көкірек шөлін басқан.

Сенсің бақыт: менімен душарласқан,

Сенсің жар: жүрегімнің сырын ашқан (1,15).