Сендір етістігінің қимыл атауы. Иландыру, нандыру. – Сізді с е н д і р у үшін мен сайдан қарулар мен патрондарды осында әкелейін (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Зәуеде бабаларымыздың бірі тіріліп келе қалса, мына Сапекеңді 80-де деп, сенің ұрпағың деп с е н д ір у қандай қиын (Ғ.Мұстафин, Ой әуен.). // п с и х. Адамның өз көзқарасын өзгелерге қабылдатуға бағытталған іс-әрекеті. С е н д і р у адамның танымдық, сезімдік және ерік қасиеттерінің деңгейіне тікелей тәуелді (Қаз. тілі термин. Педагогика).