[ағылш. sandwich] з а т. т а м а қ. Бутербродтардың ағылшынша және қазіргі жалпыеуропалық атауы. С э н д в и ч май жағылған, үстіне бір жапырақ ет не балық еті салынған бір тілім нан салат, балдыркөк жапырағымен не тағы бір тілім нанмен жабылып беріледі (Қаз. тілі термин. Тамақ.). С э н д в и ч казинодан ойынды үзіп, түскі тамаққа кетпеу үшін ойлап шығарған лорд Сэндвичтің атымен аталған (Қаз. тілі термин. Тамақ.).