СЕНСИБИЛИЗАЦИЯ

lat: SENSIBILIZASIaÁ

тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігі артуын көрсететін психикалық құбылыс. Адамның барлық стимулдарға сезгіштігі бірдей емес, тек белгілі бір оқиға немесе жағдаятқа сезімтал келеді. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсінуге болады: әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштерді, сезгіштікті арттырады. Мысалы, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар, есту түйсігінің сезімталдылығының артуында себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына көмектеседі. Мысалы, ұшқыштар түнгі ұшуға дайындық кезінде 20-30 минут қызыл көзілдірік киеді. Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады, Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Психологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған. Қарама-қарсы процесс десенсибилизация.