СЕНСИБИЛИЗАЦИЯ

lat: SENSIBILIZASIaÁ

(лат. sensibilis сезімтал, сезгіш) тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс. Адамның барлық стимулдарға сезгіштігі бірдей емес, тек белгілі бір оқиға немесе жағдаятқа сезімтал келеді. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсінуге болады: әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргішгерді, сезгіштікті арттырады. Мыс., көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар, есту түйсігінің сезімталдғының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына көмектеседі. Мыс., ұшқыштар түнгі ұшуға дайындық кезінде 20-30 минут қызыл көзілдірік киеді. Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал С. сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мыс., көзге түскен жарық сәулесінің мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығьн арттыруға себеп болады. Әдетте, Кызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Ұшқыштардың түнгі ұшуға даярлану кезінде көздеріне 20-30 минут бойы қызыл көзілдірік киетіндері осыдан. Психологиялық зерттеулерде адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы анықталған. Қарама-қарсы процесс десенсибилизация.