[лат. separator] з а т. Сүттен қаймақ, май айыру үшін арнайы жасалған мәшине, сүт мәшинесі. Тамақ өнеркәсібінде с е п а р а т о р әртүрлі майларды су тамшыларынан және механикалық қоспалардан тазартады (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Кооперативтің жанындағы үлкен киіз үйден ыңылдаған с е п а р а т о р д ы ң күйі естіледі (С.Сейфуллин, Шығ.). Олардың даң-дұңына сүт тартқан с е п а р а т о р, үй айнала боздаған бозінген қосылып, ала-құла, өзгеше бір үн естіліп тұр (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).