СЕПСИС

lat: SEPSIS

[лат. sepsis] зат. мед. Жұқпалы аурулар микробының денеге жайылып кетуінен болатын ауру.

Аурудың жұқпалы микробтары қанға араласып денеге жайылып кетеді. Мұны сепсис дейді (С.Нұрғожаев, Бала. ауруы).

Ал микроб қанға өтіп, денеге жайылса адам өміріне қауіпті сепсис басталады (М.Исамбаев, Мед. анықтама).