lat: SERE
зат. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.
Үш патша Кей Қысырауды келген көре, өтінді: осылармен кетуге ере? – Мақұл, – деп арқыраған ат мінезді, шығатын қабырғасы қарыс сере (Рүстем-Дастан).
– Кейінгі кезде бұл жемнен де қалды. Сере шығарына күмән жоқ, – деп енді құдасын қой қораға бастады (С.Жүнісов, Жапандағы жалғыз үй).
Наз бедеуден жал кетіп,
Мәстектердің сүбесі
Сере болған заман-ай (XX ғ. қаз. ақын шығ.).