(Франц, serenade, итал. serenata, sera – кешқұрым деген «сөзден шыққан)– ғашығына жолығуға ынтазарлық білдіріп, кездесуге шақыратын кешкі ән-өлең. Осындай өлең түрін машық еткен Прованструбадурлары көпшілікке жария етілмейтін, яғни тыйым салынған ғашықтық тақырыбын қозғап, сүйгеніне сыр ашатын әндер шығарған. Ол кешкі әуен(сирена) деп аталған. Бұларға ұқсас ғашығына арнап таңертеңгілікте айтылатын альба деп аталған ән-өлеңде болған. Серенаданың құрылыс қалпында қатаң сақталатын белгілер жоқ, кейін махаббат сезімін жасырып айту әдеті де сақталмаған. Жаңа дәуір әдебиетінде серенада музыканың сүйемелдеуімен ғашығына арналып айтылатын ән-өлең түрінде қалыптасты. Ысмақова А.