СЕРПІЛІС

lat: SERPİLİS

з а т. 1. Құлшыныс, қуат; көтеріңкі көңіл күй, шабыт; тебіреніс. Болашаққа ұмтылып, оған шүбәсіз сену қоғамдағы ең үлкен с е р п і л і с («Егемен Қазақстан»). Жастар с е р п і л і с үстінде (М.Әуезов, Бала Мұхтар). 2. э к о н. Өнеркәсіптегі, саудадағы және шаруашылықтың басқа да салаларындағы қысқа мерзімді өрлеу. Инвестиялардың с е р п і л і с і. 3. Қандай да бір шара, оқиға, қызмет т.б. төңірегіндегі жанданыс. С е р п і л і с келді.