ет. 1 . Сейілу, арылу, ашылу . «Дауыл бұлтты тіледі» Үндеген сонда кім еді? Ол – Данконың жүрегі, Ол Еділдің ұлы еді. Революция байрағын қанатына қыстырған Дауыл бұлты серпілді! (3,31). Бұлт түнегі серпіліп , кездерде бір ашылған, Көрінбей ме дүние көкшіл тұман жасырған, Аңғармай ма жанарың ақ сәулені шашылған? (5,146). 2 . Бой жазу, сергу, көңілдену . Кенет ана қойнынан мені алған, (кім екенін өзім де білмей қалғам). «Оян, сәулем, ұйқыңнан, серпілгін !» – деп, Сонда мені сүйген жар ойға салған (1,28). Жігіттер! Ал мен енді серпілемін , Соқ самал; бөс, бораным; желпі желім! Келмейді уайымдап жер тірегім, Несіне үһілеймін, ентігемін, Енді мен желпінемін, желпінемін! (1,151). 3 . Қарқын алу, екпіндеу, көсілу . Ұша алмайды серпіле , Жалғыз томар – жайлауы. Жібермейді еркіне балақтағы байлауы (1,222). Дала, орман тегіс ілбіпті, Соқсан соқ, дауыл, серпіл бір! Мына бір бейқам тірлікті желпіндір, дауыл, желпіндір (1,179).