е т. 1. Қимылдау, қозғалу. Саңлау мүшелерінің бірі бұзылған адам қозғалысын билей алмайды, Сырттан берілген әсерге дұрыс с е р п і л е алмайды (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.). 2. Күннің бұлт пен тұманнан ашылуы. Түні бойы жауған ақша қарды қатырып үлгіргенше асығып аспан жүзі бұлттан с е р п і л і п, Сібірдің шаңғытқан аязы ысқыра, бүре келді (Б.Майлин, Азамат.). Боранды ызғырық азырақ с е р п і л і п ашылып, бұлттың жиегінен шыққан күн Мақтымның жамаулы терезесінен көрінді (Б.Майлин, Шығ.). Әлгі бір мезетте аспанды торлап, түнерген қара бұлт с е р п і л і п, тұс-тұсқа ыдырай бастады (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). 3. а у ы с. Ығыстырылу, жоқ болу, аласталу. Жанымнан үрей с е р п і л д і, Жарқ ете қалды жаңа ойлар (Ә.Тәжібаев, Өлеңд.). – Қашан атар алтын таң? Ерікті ерке ел болар! Қараңғылық с е р п і л і п Қашан-деген шам жанар! (Б.Бұлқышев, Адамзатқа хат.). Әлдене төнген пәле с е р п і л г е н д е й, алдағы күнге үмітпен қараудың керектігі сезілгендей болды (Б.Майлин, Шығ.). Көптен бері қоршалап алып, даланы басқалы тұрған пәле с е р п і л і п, бұл кісілерге жеңіл болып қалған сияқтанды (І.Жансүгіров, Шығ.). 4. а у ы с. Шегіну, артқа қарай жылжу, кері қайту. Ал с е р п і л е беріңдер, атқа-атқа қарай. Ата отырып шегін, түге (М.Әуезов, Шығ.). Қорыққаннан қойдай үркіп тұра қашты, Қаша алмай қалғаны өліп тыраңдасты, Кеткен соң жау с е р п і л і п жан-жағынан, Жиналып ирандар да ұрандасты (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). Тиммені қоршаған топ та артқа қарай с е р п і л д і. «Бұл бәрінен күшті Иван емес пе, оған қарсы қол көтеруге бола ма?» (Қ.Исабаев, Соңғы тәулік.). 5. а у ы с. Сергу, бой жазу. Жолдастарының бәрі де с е р п і л г е н д е й болып, «әңгіме айт, әңгіме айт» деп, басын көтеріп Әзімханға жабылды (С.Сейфуллин, Шығ.). Қасболат мазасыз ойдан с е р п і л г і с і келді (Т.Ахтанов, Боран).