СЕРПІМДІЛІК

lat: SERPİMDİLİK

з а т. ф и з. Сыртқы күш әсері тоқтаған кезде денелердің пішіні мен өлшемдерінің бастапқы қалпына оралуын көрсететін сипаттама; серпілмелі қасиеті барлық. Коррозия нәтижесінде металдардың мықтылығы және с е р п і м д і л і г і жойылады (Қ.Нұрымбетов, Метал.). Клетканың қабықшасын қанша бүктесе де, ол біраздан соң бұрынғы қалпына қайтадан келеді, мұны с е р п і м д і л і к дейді (Т.Мұсақұлов, Ботаника). Теңге ілу спортшыдан икемділікті, с е р п і м д і л і к т і, атқа мығым отыруды керек етеді (Ә.Бүркітбаев, Қаз. ат спорты).