[лат. servitus] з а т. 1. з а ң. Бөтен біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы. С е р в и т у т біреуге тиесілі жер телімі арқылы жүріп өту немесе көлікпен өту құқығы немесе біреудің меншік құқықтарын шектеу (мыс., көрші телімге көлеңке түсіруі мүмкін құрылыстарды салуға тыйым салу (қаз. тілі термин. Экономика.). Әкімшілік с е р в и т у т жеке меншіктегі жер телімдерінде инфрақұрылымдық желілерді тартуға мемлекеттің құқығы болып табылады (қаз. тілі термин. Экономика.). 2. с а я с и. Бір мемлекеттің аумақтық егемендігін басқа мемлекеттің пайдасына шектеу. С е р в и т у т – әскери күштерді өз аумағы арқылы өткізуге қатысты жолдарды пайдалану (қаз. тілі термин. Экономика.).