Сез етістігінің қимыл атауы. Мұндайда кенет басқа түскен бақытсыздықты, ел басына туған қауіп-қатерді терең түсіну, с е з у зор қасиет екен ғой (Р.Хайруллин, Офицер.). Алқынған Жанай боранның ызғарын с е з у д е н қалды (С.Мұратбеков, Көкорай). Қара аю мен түлкі бұққан мына сайлы өлкеде Жалғыз емес екеніңді с е з у қандай мәртебе (М.Шаханов, Ғасырлар.).