СЕЗІНУ

lat: SEZİNÝ

Сезін етістігінің қимыл атауы. Шыншылдық өмір тәжірибесінен, соны терең с е з і н у д е н, ойланудан туады (С.Қирабаев, Октябрь.). Бұл жерде әңгіме ұлтшылдықты өз елінің азаматы екенін с е з і н у, ел тағдырына патриоттық көзқараста қарау ұғымымен астастыру жөнінде болып отыр («Жас Алаш»). Иә, қарттар бар арғымағы арманнан, Жігерімен дүр сілкінткен даланы. Сұлулықты с е з і н у д е н қалған жан Бәрінен де қалады (М.Шаханов, Ғасырлар.).