ШӘЙІ

lat: SHÁIİ

зат. 1. Жұқа, жібек мата.

Самала мынау белдерге,

Сағынып, аңсап келгнеде,

Сар ала шәйі жамылып,

Самауыр қойған жеңгем бе? (1,168).   

« Шәйі орамал бір байлап»

Шыдамадым, ән салдым.

Жұлдызды аспан тұр жайнап,

Кеудесіндей маршалдың (3,193).

2. ауыс. Шәйі сияқты жайқалған жасыл шөп.

Табытынан тірілген бидай дағы ақ құба,

Құрма, тал да жап-жасыл жасыл шәйі жапты да,

Қораз құстар әндетіп, ертелі-кеш шаттыға,

Мекиендер шайқады жұмыртқасын тапты да (3,310).