ШҮРЕГЕЙ

lat: SHÚREGEI

зат. зоол. Жабайы үйректің ең кішкене түрі.

Соноу, Соноу кездерде суға барған,

Шүрегейлер ұшатын жылғалардан.

Мұңлы күздің әуенін еститінбіз

Жылы жаққа аттанған тырналардан (2,62).

Қызғыштары қиқулап, қорғағанда,

Сорлағанға ұқсайды, сорлағанға,

Шүрегейлер айдынын қорлағанда,

Көкқұтандар қанатын қомдағанда (2,171).