ШУМАҚ

lat: SHÝMAQ

зат. әдеб.

Өлең-жырларда, дастан-поэмаларда өлең тармақтарының (жолдарының) белгілі ретпен топтасып көбінесе төрт жолдан тұратын тармақтық өлшемі.

Абайдың «Сегіз аяғы» көлемі әр түрлі сегіз тармақтан құралған шумақты өзінше қиюластырып, шебер қолданудың тамаша үлгісі (Әдебиеттану термин. сөздігі).

Байқалса да, әйтеуір, сол жолы осы шумақ тәп-тәуір өлең секілденген (Н.Қазыбеков, Ағайын.).